Көш жүре түзеледі демекші, блог құру ісінде жаңадан тәй-тәй басып келе жатқаным шындық. Сондықтан сіздердің айтар сындарыңыз бен ақылдарыңыздың маған пайдасы болмаса, зияны жоқ деп сенемін!
Архив за 23.11.2007
Елдің айтар сындары мен шындары…
Помещено в Ел пікірі Ноябрь 23, 2007 | Комментарии (11) »
Күзгі жауын
Помещено в Өлеңдерім Ноябрь 23, 2007 | Комментарии (3) »
Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Жапырақтар дірілдейді ырғала.
Жетімсіреп ағаш байғұс қалғандай,
Жыламсырап… жыламсырап тұр қала…
Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Құстар үнсіз, қанат қағар мұңдана.
Терезеден сұр далаға түнеріп
Қарап отыр жыртық көңіл бір бала…
Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Сұр даладай іште де бар бір жара.
Қарай қалса күңіренген аспанға
Қоңыр ойлар қылт етеді ұрлана.
Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Мұндай күнде [...]