Көш жүре түзеледі демекші, блог құру ісінде жаңадан тәй-тәй басып келе жатқаным шындық. Сондықтан сіздердің айтар сындарыңыз бен ақылдарыңыздың маған пайдасы болмаса, зияны жоқ деп сенемін!
Ноябрь 23, 2007 автора nugman
Көш жүре түзеледі демекші, блог құру ісінде жаңадан тәй-тәй басып келе жатқаным шындық. Сондықтан сіздердің айтар сындарыңыз бен ақылдарыңыздың маған пайдасы болмаса, зияны жоқ деп сенемін!
Йә, достым. Сенің мына қолға алған тақырыбың орынды екен, ең бастысы сенің болмысыңа, табиғатыңа жарасымды екен. Алла жазса бұл шаңырақ менің жиі бас сұғып тұратын мекеніме айналар. Мен бұған кәміл сенемін. Ісіңе сәттілік тілеймін.
Көп нәрсе жазудың керегі жоқ шығар, бірақ сенің жазуларыңнан іздегенін табатындар табылатын болады, әсіресе сұрақтарына жауап іздеушілер. Осындай достықтың дәмін татып жүргеніме мың шүкір..Әсіресе басыма түскен ауыр күндерде бұған көзім жетті. Иықтарыңды тосып, қолтықтан жебеп келдіңдер. Алла тағала бұндай достыққа ылайық барлық жанға, осындай достықты нәсіп еткей.
Хаттарыңды асыға күтуші досың…
Нұғман,
Қазір қазақ блоггерлерінің қарасы күн санап артып келеді. Бір-бірімізден ой, пікір алмасып тұрсақ құба құп қой.
Менің байқауымша, сіздің өзіңізге тән стиліңіз бар екен, соған тәнті болып отырмын!
Жазса, жаханторымызға жаңа леп әкелерсіз деген үмітпен,
Нұрғиса
http://www.nurgisa.kerekinfo.kz
Сіз секілді жандар қазақ ғаламторында көбей берсе екен дейміз. Ісіңізге Аллаһ береке берсін.
salem. bloginiz qytti bolsin.
Kutty bolsin!
Myna jerge kosip koidyk, http://www.massagan.com/qazaqblogtary.php
«Әлхамдилла, алты миллион қазақ бармыз!» деп өткен ғасырдың басында Ахаң айтқандай, осы ғасырда Интернет бетінде қазақ тілінде блог санында тезірек молайтуға жазсын! Дендерің сау, еңбектерің жемісті болсын, апа-бауыр, іні-қарындас!
Рахмет достар! Бұйырса сіздермен бөлісер ойларымды биік талғамдарыңызға ұсына бермекпін, Жаратқан жар болса!
Иншаллаһ!
Әмәнда түзу сөздің, терең ойдың себепкері болғайсыз! Сізден серпінді жазулар, тегеурінді ойлар күтушілер атынан…
Блогыңыз құтты болсын!!! Жаңа жазбаларға тола берсін. Пікір алмасып тұрайық. Менің блогым http://akzere.wordpress.com
Блогың құтты болсын. Қонақ болып келіп қалдық адасып, Бекжанның блогы арқылы келдім.
Осы жұрттар ерінбей әрбір блогқа жеке-жеке аватор суреттерін жапсыра ма? Уақыттары көп қой деймін.