Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Жапырақтар дірілдейді ырғала.
Жетімсіреп ағаш байғұс қалғандай,
Жыламсырап… жыламсырап тұр қала…
Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Құстар үнсіз, қанат қағар мұңдана.
Терезеден сұр далаға түнеріп
Қарап отыр жыртық көңіл бір бала…
Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Сұр даладай іште де бар бір жара.
Қарай қалса күңіренген аспанға
Қоңыр ойлар қылт етеді ұрлана.
Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Мұндай күнде ақтарылар сыр дара.
Сапылдаған сөз де артық, үн артық,
Көңіл күйін төгіп жатыр жыр ғана…
Күзгі жауын. Күңгірт аспан. Сұр дала…
Нұғман, сізді танымасам да, мына блог деген бастамаңыз құтты болсын! Сізден әсерлі әңгімелер күтуге болатынын ішім сезіп отыр!
Лайым, шығармашылық шабытыңыз өрлей берсін!
Қолыңыз тисе менің де блогыма келіп тұрыңыз: http://www.nurgisa.kerekinfo.kz
Құрметпен,
Нұрғиса Асылбеков
Ассалаумагалейкум!!! Мен аттасымды тапканыма куаныштымын!!! Кыпшак Нугман!!!
анафора поэтикалык турiнде жазылган оленiнiз унады. Блогыныз эпистолярлык жанрга курылса оте кызыкты болады деп ойлаймын. Саттiлiк тiлеймiн.